Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ең бойшаң сарбаз Маңғыстаудағы теңіз жаяу әскерінде қызмет етеді

Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ең бойшаң сарбаз Маңғыстаудағы теңіз жаяу әскерінде қызмет етеді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскерлері бригадасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз Алишер Назымбек қызмет атқарып жүр. Оның бойы 2 метр 9 сантиметр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Алишер Ақмола облысының Жарқайың ауданына қарасты Далабай ауылында дүниеге келді. Назымбек әулетінде алты бала өсіп келеді. Ерекше бойы мен дене бітімін ол анасы жағындағы атасына ұқсаған. Бала кезінен-ақ қатарластарынан бойымен ерекшеленген Алишер мектепте де, колледжде де, енді міне, әскер қатарында да көзге түсіп жүр.


Әскерге шақырылғанға дейін ол Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдады. Спортпен бала кезінен айналысқан. Волейбол және кикбоксингпен айналысып, колледж намысын республикалық деңгейдегі жарыстарда қорғады. Осы жарыстарда ол мықты физикалық дайындықпен қатар, мінезінің беріктігін де дәлелдеген.


Сарбаздың айтуынша, әскерге келу - оның бала күнгі арманы.


Мен кішкентайымнан теңіз жаяу әскерінде қызмет етуді армандадым. Мұнда іріктеу қатаң екенін білдім, бірақ спортпен айналысқандықтан, барлық сынақтан өтуге дайын болдым. Әскери борышымды өтеген соң әскери училищеге түсіп, офицер атанғым келеді. Сондай-ақ Құрмет қарауыл ротасына қосылуды армандаймын. Бойымды ескерсе, мүмкіндігім бар деп ойлаймын, – дейді Алишер Назымбек.


Теңіз жаяу әскерлерінің қатарында ең төзімді әрі дене тұрқы мықты сарбаздар қызмет етеді. Бұл бөлімде бұрын да бойы ерекше биік жауынгерлер борышын өтеген: Денис Балюк – 2 метр 8 сантиметр, Азат Мұхамеджанов – 2 метр 4 сантиметр.


Енді жаңа рекорд Алишер Назымбекке тиесілі. Ол – Қазақстан Қарулы Күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!