Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні: Ақтауда жалғызбасты зейнеткерлерге қалай көмектеседі

Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні: Ақтауда жалғызбасты зейнеткерлерге қалай көмектеседі

Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Биыл бұл мереке 26 қазанға сәйкес келеді. Әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және мүгедек балаларға қамқорлық жасау. Ақтаудағы әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы мен олардың қамқорындағы жандарға қалай көмек көрсететіні туралы otpannews.kz тілшісі баяндайды.


86 жастағы Валентина Васильевна Тарасенко — жалғызбасты зейнеткерлердің бірі. Ол Ақтауға (бұрынғы Шевченко) 62 жыл бұрын жас маман ретінде келді. Химиялық-гидрометаллургиялық зауытта, тәжірибелік қондырғыда және фабрикада лаборант болып еңбек етті. Қазір балалары мен немерелері өзге қалада тұрады, сондықтан зейнеткерге әлеуметтік қызметкер бекітілген. 2016 жылдан бері оған Баян Шамшиева көмектесіп келеді. Валентина Васильевнаның айтуынша, Баян осы жылдар ішінде оған тек көмекші емес, нағыз дос әрі отбасының бір мүшесіне айналды. 


– Дүкеннен ауыр зат алып келу керек болса, Баян өзі барады. Өзім де ақырындап жүріп тұрамын, бірақ тек жеңіл-желпі заттар аламын. Дәріханаға да өзі барады. Маған ұнайтыны – ол қай жерде арзан екенін қарап, тиімді жерден сатып алады. Ас үйді жинастырып, көкөністерді тазартып, турап береді, ары қарай тамақты өзім дайындаймын. Ауырып жүргенде дәрігерге бірге барамыз. Әр мейрам сайын бір нәрсе әкеледі. Бірақ ең бастысы – оның ықыласы мен қамқорлығы. Жалғыз адамға үшін ең керегі – сөйлесетін, сырласатын жанның болуы. Ал ол мені әрдайым тыңдап, қолдай біледі, – дейді зейнеткер.


Баян Шамшиева – 21 жылдық еңбек өтілі бар әлеуметтік қызметкер. Ол жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектеседі. Қазір оның қамқорлығында 9 адам бар. Ең жасы – 52 жастағы екінші топтағы мүгедек, ал ең үлкені – Валентина апай.


- Бұл жұмыс мен үшін қиын емес. Керісінше, алғыс сөздерін естігенде жаным жылып, қуанышқа бөленемін. Әлеуметтік қызметкердің міндетіне – үй жинау, тамақ әзірлеуге көмектесу, дүкенге бару, гигиеналық күтім жасау және басқа да көптеген жұмыс кіреді. Біз әр адамға аптасына екі рет, екі сағаттан барамыз. Күніне 3-4 адамға қызмет көрсетеміз, – дейді Баян.


Қазіргі таңда Ақтауда шамамен 100-ге жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Ал олардың қарауындағы азаматтар саны 600-ден асады. Солардың бірі – Васильковтар отбасы, Людмила Петровна мен Вячеслав Иванович. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, Баян оларға бірнеше жылдан бері көмек көрсетіп келеді. 


– Баян бізге 2018 жылдан бері келіп жүр. Өте мейірімді, әркез қол ұшын созады. Әсіресе, жұбайым жүрегіне ауыр операция жасатқанда және кейін оңалту орталығына түскенде көп көмектесті. Оған шын жүректен ризамыз, – дейді Людмила Василькова.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!