Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Елімізде «Republic Day» акциясы басталды: Маңғыстаудағы 7 сауда орталығы жеңілдік жариялады

Елімізде «Republic Day» акциясы басталды: Маңғыстаудағы 7 сауда орталығы жеңілдік жариялады

Республика күніне орай Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру мақсатында ауқымды «Republic Day» акциясы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Министрліктің мәлімітінше, 24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға республика бойынша 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталығы, супермаркет, ірі дүкен желісі мен онлайн-маркетплейс сияқты сауда нысандары қатысып жатыр. 


Маңғыстау облысында акцияға «Ақтау», «AK KALA Mall», «Байтерек», «Shum», «Маңғыстау» мен Saya Park сауда орталықтары қатысады. 


Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды. 


Онлайн форматта да бірқатар танымал платформа акцияға қатысып жатыр. Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус, Kaspi Магазин түрлі тауарлар санатына 58% - ға дейін жеңілдік ұсынады.

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!