Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Барселонадан Жапонияға дейінгі сапар: Маңғыстау испаниялық саяхатшыға ерекше әсер қалдырды

Барселонадан Жапонияға дейінгі сапар: Маңғыстау испаниялық саяхатшыға ерекше әсер қалдырды

Испаниялық автосаяхатшы Адри Жапонияға жету үшін Еуразия құрлығын көлікпен жүріп өтті. Мыңдаған шақырымды артта қалдырған бұл ұзақ сапарда ол бірнеше мемлекет пен өңірді аралап, түрлі мәдениетпен танысты. Солардың ішінде саяхатшы Маңғыстау облысын ерекше ұнатқан, деп хабарлайды otpannews.kz.


Адри – жапон мәдениеті мен автоспортқа қызығатын саяхатшы. Ол өзінің Honda S2000 спорттық көлігімен Жапонияға жетуді мақсат етіп, бұл елде орналасқан әйгілі жарыс тректерінде көлігін сынап көруді армандаған.


Саяхатшы өз сапарын биыл маусым айында Испанияның Барселона қаласынан бастаған. Оның бағыты Еуропа елдерін, Грузияны, Қазақстанды және Моңғолияны басып өтіп, ақырында діттеген мақсаты Жапонияға жетті.

 

Сапар барысында Адри әлеуметтік желідегі парақшасында жол үстіндегі әсерлерін, көрген жерлерін және фото-көріністерін тұрақты түрде жариялап отырды. Қазақстанның Маңғыстау өңірі оның бүкіл сапарындағы ең ерекше әсер қалдырған аймақтың бірі болды.


«Маңғыстауға әр көлігіммен жеке-жеке келгім келеді. Бұл – бүкіл сапарымдағы үздік үш орынның бірі», - деп жазды саяхатшы Instagram парақшасында.
65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!