Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының паркі жаңа тепловоздармен толықты

|
17.10.2025 10:23
Маңғыстау локомотив пайдалану депосының паркі жаңа тепловоздармен толықты

Маңғыстау локомотив пайдалану деполарына CKD6S сериялы маневрлік және ТЭ36А сериялы магистральдық жаңа тепловоздардың алғашқы легі жеткізілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын ұжымдары заманға сай техниканы салтанатты түрде қарсы алды. Жаңа локомотивтер АО «НК «Қазақстан темір жолы» мен Қытайдың CRRC Ziyang Co. Ltd және CRRC Dalian Co., Ltd компаниялары арасындағы ұзақмерзімді келісім аясында жеткізілді.


Бұл техника Қазақстан темір жолының локомотив паркін жүйелі түрде жаңарту бағдарламасы аясында беріліп отыр. Жаңа тепловоздар техникалық және пайдалану сипаттамаларының жоғары болуымен ерекшеленеді. Олар БОРТ қауіпсіздік жүйесімен, ауа салқындатқышпен, тоңазытқышпен, электр плитасымен және санитарлық тораппен жабдықталған. Локомотив бригадаларына жайлы жағдай жасалған. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында тепловоздарға қозғалыс бағыты, дизель бөлімшесі және машинист кабинасын бақылауға арналған бес бейнекамера орнатылған. Бейнематериалдар көлемі екі терабайт болатын құрылғыда сақталады.


Компания өкілдерінің айтуынша, заманға сай жаңа тепловоздарды пайдалану операциялардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, Қазақстанның теміржол саласының одан әрі дамуына ықпал етеді.

160
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!