Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Каспий теңізіне албырт балығының шабақтары жіберілді

|
22.10.2025 19:38
Каспий теңізіне албырт балығының шабақтары жіберілді
Скриншот

Жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен «Каспий албырт балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» атты инновациялық жобасы аясында Каспий теңізіне албырт балығының шабақтары жіберілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық балық шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау қаласындағы «Сұлтан Агро» ЖШС жылыжай кешені базасында «Каспий албырт балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» атты инновациялық жоба жүзеге асып жатыр. Мақсаты - Қазақстанның Қызыл кітабына енген Каспий албыртының популяциясын қалпына келтіру және өңірде аквашаруашылықты дамыту.


Жобаның нәтижесі бойынша биыл жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін Каспий теңізіне 1815 дана албырт шабағы жіберілді. Жобаның бастамашысы - Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы.


Басқарма өкілдері мен облыстың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия мүшелері инкубациялық цехтың жұмыс барысымен және қол жеткізген нәтижесімен танысты.


Бұл жоба өңірдің балық шаруашылығы саласындағы экологиялық және инновациялық бағыттағы үлгілі бастама ретінде болашақта балық шаруашылығына қызығушылық танытқан тұлғалар мен кәсіпкерлер арасында облыс аумағында кеңінен таратылады.

22
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!