Sold out: Қайрат - Реал матчының билеттері толық сатылып кетті

"Қайрат" футбол клубы
“Қайрат” футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында мадридтік “Реалға” қарсы өтетін матч билеттерінің сатылымы біткенін мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.
“Қайрат” клубының мәліметіне сай стадион аумағына кіргізу 18:45-те басталады.
Айта кетейік, бұл матч билеттерін сату 23 қыркүйек 17:00 басталған еді. Тәулікке жетпей толық сатылған билеттердің құны 30 000 теңгеден бастап, 250 000 теңгеге дейін болды.
108

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев