Онлайн бюджет мониторингі: тиімді басқару мен тәуекелдерді төмендетудің заманауи құралы
Мемлекеттік басқаруды цифрландыру жағдайында бюджет қаражатының пайдаланылуын уақтылы бақылау ерекше маңызға ие. Осы бағыттағы маңызды шешімдердің бірі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті белсенді түрде енгізуді жалғастырып жатқан «Онлайн бюджет мониторингі» модулі.
Онлайн бюджет мониторингі мемлекеттік ұйымдардың қаржылық операцияларын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жүйе болып табылады. Бұл жүйе бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, ашықтықты қамтамасыз етеді және қаржылық тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді. Жүйе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.
Аталған жүйе жалақы төлемдері мен бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қортындысы бойынша департаментке 95 896 тәуекелді төлем бойынша ақпарат келіп түсті. Жедел шаралардың арқасында 11 358,6 мың теңгеден астам бюджет қаражатының заңсыз пайдаланылуына жол берілмеді.
Анықталған бұзушылықтар жедел түрде тіркеліп, уәкілетті органдарға дереу хабарламалар жіберіледі.