Маңғыстаулық төрт оқушы республикалық математика олимпиадасының жүлдегері атанды
Маңғыстау облысының бастауыш сынып оқушылары «Бастау» XIX республикалық математикалық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық дарынды баланың ішінен маңғыстаулық төрт оқушы үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
24-28 наурыз аралығында өткен білім додасына облыс намысын құрамында 6 оқушы бар екі команда қорғады. 2-4 сынып аралығындағы мектеп оқушылары математикалық есептер шығару мен логикалық ойлау қабілеттері бойынша сынға түсті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте:
ІІ орын: Мұратбек Гауһар – Бейнеу гимназиясының 4-сынып оқушысы (Бейнеу ауданы);
ІІІ орын: Хожахмет Көбейсін – Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы (Бейнеу ауданы);
ІІІ орын: Карамбет Нұрай – №16 бастауыш мектептің 3-сынып оқушысы (Жаңаөзен қаласы);
ІІІ орын: Айқадырұлы Айбар – №16 бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы (Жаңаөзен қаласы).
Еске сала кетсек, «Бастау» олимпиадасы республикалық деңгейде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.