Otpan News Logo

Полицейлер интернет-алаяқтықтан сақ болуды ескертті

|
27.03.2026 19:15
Полицейлер интернет-алаяқтықтан сақ болуды ескертті

Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Заң мен тәртіп» идеологиясы шеңберінде құзырлы органдар ақпараттық қауіпсіздік бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесудің мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, құзырлы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және олардың тиімді тәсілдерін айқындау.


Жиынға ақсақалдар, діни және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері және жастар қатысты.


Іс-шара барысында бірқатар маңызды тақырып қамтылды. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары, цифрлық қауіпсіздік негіздері, «дроппер» ұғымы, сондай-ақ құмар ойынға тәуелділік (лудомания) мәселелері талқыланды.


Спикерлер қатарында облыстық дін істері басқармасының өкілдері, полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері және заңгер мамандар баяндама жасап, қатысушыларға маңызды ақпарат айтты.


Маңғыстау облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Айболат Мурзашев интернет-алаяқтықтың түрлері мен оның алдын алу жолдарына тоқталды.


- Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы жасалатын қылмыстардың ішінде интернет-алаяқтық өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Интернет-алаяқтық көбейіп кеткен. Маңғыстау облысының тұрғындарын интернет алаяқтық жағдайына тап болса 102 байланыс нөміріне хабарласып немесе біздің басқармаға келіп, арыздануға болады, - деді Айболат Мурзашев.


Ұйымдастырушылар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және киберқауіптердің алдын алу бағытында бірлескен жұмыстар жалғасатынын айтты.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!