Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Өңірлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 6 мыңнан астам жоба іске асты

Нұргүл Алясова
|
28.08.2025 10:43
Өңірлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 6 мыңнан астам жоба іске асты
ашық дереккөз

Өңірлерде Президент тапсырмаларын орындау мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 6 мыңнан астам жоба іске асты, деп хабарлайды otpannews.kz.


ҚР Үкіметінің хабарлауынша, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылдан бастап 2024 жылға дейін республикалық бюджетке 701 млрд теңге бөлінді.


«Бұл қаражат әлеуметтік және инжинирингтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 6 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Биыл бұл жұмыс жалғасуда. 500 ауылда жалпы сомасы 200 млрд теңгеге 1000 жоба іске асырылуда», — деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.


Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша биыл 50 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде алдағы 3 жылда ауылдағы бизнесті қолдауға бағытталған 25 мыңнан астам жобаны қаржыландыру үшін қосымша 450 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!