Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі енгізіледі

Нұргүл Алясова
|
27.08.2025 17:42
Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі енгізіледі
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қалаларда қайта өңделетін шикізатты қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар орнатылып жатыр. Оған пластик пен алюминий тапсырған азаматтар бонустармен көтермеленеді. Қазірдің өзінде жекеменшік бизнес иелері Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.


«Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек-бөлек жинауға арналған 1000-нан астам экобокс орнатылады», — деп атап өтті экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.


Оның айтуынша, бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік береді және өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға көмектеседі.

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!