Индира Атажанова – қоғам мен медицина саласының жанашыры

Индира Атажанова – Маңғыстау өңірінде қызмет ететін тәжірибелі пульмонолог дәрігер. Ол жергілікті тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бар күшін салып, өзінің кәсіби біліктілігімен зор үлес қосып келеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Индира Атажанова медицина саласындағы еңбегімен қатар қоғамдық өмірге де белсенді араласады. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамаларын қолдап, халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға бағытталған түрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.
Сонымен қата, ол «Пахтакор» өзбек этно-мәдени бірлестігінің төраға орынбасары ретінде этносаралық татулық пен халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту жолында табанды еңбек етіп келеді. Оның көпқырлы қызметі – тек денсаулық сақтау жүйесіне ғана емес, ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті сақтауға қосылып жатқан салмақты үлес әрі кәсіби жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісі.
