Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Х Каспий медиафорумы: Теңіз кеңістігіндегі ынтымақтастықты қолдайды

Жанкелді Қаржан
|
25.08.2025 13:08
Х Каспий медиафорумы: Теңіз кеңістігіндегі ынтымақтастықты қолдайды

Өткен аптада Астрахан қаласында дәстүрлі Каспий медиафорумы өтті. Биылғы X мерейтойлық басқосуға Қазақстан аумағынан Астана, Алматы қалалары мен Атырау, Маңғыстау облыстарынан БАҚ өкілдері мен арнайы делегация қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.


Мерейтойлық форумға 700-ден астам делегат жиналды. Бұлардың барлығы Каспий жағалауы елдері Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Иран және Әзірбайжаннан жиналған. Сонымен бірге үш мыңға жуық адам онлайн режимде форум жұмысына куә болғаны мәлім болды.

Басқосуда Каспий маңы елдерінің делегаттары «Каспий тарихы: өткеннен болашаққа» тақырыбы бойынша пікір алмасты. Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев, Иранның Ресейдегі Елшісі Казем Джалали, Өзбекстанның Ресейдегі Елшісі Ботиржон Асадов және Түрікменстанның Телерадио, кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы Рустем Маммедов қатысты. Сонымен бірге, Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин форумға қатысқан барлық делегаттарға алғыс білдірді.


«Бүгінде бұл форум - Каспий өңірінің басты мәселелері бойынша «сағаттарды сәйкестендіретін» геостратегиялық нүкте саналады. Биылғы бағдарламада медиасаладан бөлек, көлік, логистика, экология және мәдени ынтымақтастық мәселелері де қамтылып отыр», - деді Астрахан облысының губернаторы.

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Х-шы Каспий медиафорумында «Каспий тарихы: өткеннен болашаққа» тақырыбын өте өзекті екенін атап өтті. Дәурен Абаев 10 жылдық жұмыс кезеңінде медиафорум елдеріміздің медиа-қауымдастықтарының маңызды байланыс аймағы, ашық диалог пен бірлескен шешімдер платформасы бола отырып, өзінің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдегенін жеткізді. Бұл ретте қазақстандық дипломат өңірлер ынтымақтастығының экология, экономика, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар, жастар желісі және медиа білім беру бойынша байланыстар сияқты негізгі факторларына назар аударуға шақырды.


Х Каспий медиа форумында бірқатар Қазақстан медиасының өкілдері «Шекарасыз Каспий» үздік журналистік шығармашылық жұмыстар байқауының жүлдегері атанды. Олардың арасында Liter.kz тілшісі Ләззат Ахметова «Қазақстан энергетикасындағы гендерлік теңдік туралы материалымен «Каспий елдерін таныту» таныту номинациясында екінші орынға ие болды. «Жаңа көзқарас» аталымында Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Алена Солодовникова «Қанатты тіршілікке арналған жұмақ» атты мақаласымен үшінші орынға тұрақтады. «Baigenews.kz» тілшісі Альберт Ахметов «Спорт пен еңбек жолын ұштастырған волейбол әуесқойы» туралы мақаласымен «Каспий – денсаулық аумағы» номинациясында жүлделі екінші орынды иеленді. Ұйымдастыру комитетінің арнайы жүлдесі «Ақ-Жайық» басылымының тілшісі Анастасия Пастухова «Мен сіздерге сұлулықты көрсетемін» атты мақаламасы үшін отандасымызға табысталды.

Сондай-ақ, Астраханда өткен X мерейтойлық Каспий медиафорумы аясында аймақтық журналистер мен баспасөз хатшыларына арналған бірқатар шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.


Каспий мәселесін туралы әңгіме өрбігенде Астрахан облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне дәстүрлі түрде ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Бүгінде «Экология» ұлттық жобасы арқылы Астрахан аймағы маңызды нәтижелерге қол жеткізген көрінеді. Оның ішінде 190 шақырымнан астам су айдындары тазартылып, 8 гидротехникалық нысан салынған. Бұдан бөлек, 800 гектардан астам орман қалпына келтіріліп, табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылса керек.

104
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!