Ақтауда өндірілген полипропилен қапшықтары бүкіл Қазақстанға жөнелтіледі
Нұргүл Алясова
|
27.08.2025 17:17

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында 4 жыл бұрын ашылған «WestEcoPlast» компаниясы полипропилен қаптар мен биг-бэгтер өндірумен айналысады. Мұндай тара химия, құрылыс және тамақ өнеркәсібінде жүк тасымалдау үшін кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда өнім Қазақстанның барлық өңіріне жөнелтіледі, деп хабарлайды otpannews.kz.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 6 миллион қаптамаға дейін деп есептелген, болашақта бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Компанияда 100-ден астам адам жұмыс істейді.
– Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы мешкотараға деген сұраныстың тек 40 пайызын ғана отандық өндірушілер өтей алады. Қуатты арттыру үшін нарықтың экономикалық құрылымын өзгерту қажет, себебі импорт барлық саланы басып отыр. Дегенмен отандық өндірушілер баға саясаты арқылы бәсекеге түсуге тырысып келеді. Өнімге тапсырыстың көбеюіне байланысты біз өндірісті кеңейту жоспарын алға қойдық, – деді «WestEcoPlast» ЖШС директоры Кирилл Демченко.
Бүгінде Ақтау зауытының өнімі тек Маңғыстау облысында ғана емес, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да саудаланып жатыр.
43

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев