Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

МАЭК-те жұмысшылар зардап шекті

Нұргүл Алясова
|
27.08.2025 22:45
МАЭК-те жұмысшылар зардап шекті
Ашық дереккөз

Бүгін «МАЭК» ЖШС аумағында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды otpannews.kz Еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.


Еңбек инспекциясының хабарлауынша, №3 турбогенераторда (+6.3 деңгейі) шамамен сағат 14:30-да 18ПН-3 жапқыш арматурасын бұзу кезінде слесарь-жөндеушілер Д. Құрманқұлов пен Ж. Құлмағанбетов ыстық суға күйіп қалды.


Оқиға орнына кәсіпорынның медициналық қызметі шұғыл жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, сондай-ақ зардап шеккендерді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер Ж.Құлмағанбетовті үйіне жіберді, ал Д.Құрманқұлов ауруханаға жатқызылды.


Еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті арнайы тергеу комиссиясы құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты зерттелетінін айтты.

16
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!