Тот басқан темір үшін де салық төлеуге тура келеді – Мемлекеттік кірістер департаменті маңызды жайттарды ескертті
Егер күтпеген жағдайда көлігіңіз суға батып, пайдалануға жарамсыз болса да көлік салығын төлеуге міндеттісіз. Себебі мемлекеттік кірістер органдары көліктің нақты жағдайын емес, оның тіркеуде тұрғанын ғана есепке алады, деп жазады otpannews.kz.
Көлік салығы автокөлік кішкі істер министрлігінің базасында сіздің атыңызда тіркеліп тұрған уақытқа дейін есептеле береді. Тіпті көлік жарамсыз, тот басқан темірге айналса да, ол салық салынатын нысан болып саналады.
Егер көлік суға кетіп, мүлде жарамсыз болып қалса не істеу керек?
Бірінші кезекте полицияны немесе төтенше жағдайлар қызметін шақыру қажет. Себебі сізге мүліктің жойылғанын немесе зақымданғанын растайтын ресми құжат керек болады.
Көлікті есептен шығаруды кейінге қалдырмаңыз. Салық тек көлік тіркеуден алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Сондай-ақ e-Salyq Azamat қосымшасында немесе eGov.kz порталында көліктің мәртебесі «Есептен шығарылды» деп өзгергеніне көз жеткізіңіз.
Есіңізде болсын: тіркеуде артық тұрған әрбір ай - бюджетке төленетін қосымша салық болапы есептеледі.