Otpan News Logo

Трансұлттық есірткі желісі құрықталды

|
27.03.2026 13:23
Трансұлттық есірткі желісі құрықталды

2025 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен «ДЮНЬ ОПЕРАТОР»интернет-есірткі дүкенінің қызметін жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты бір қатар резонансты қылмыстық істер аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысын тексеру барысында Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында және Шымкент қаласында 4 адам ұсталды. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған 2 млрд теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп, жалпы құны 100 млн теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Бұдан бөлек заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары алынды.


Қылмыстық істі қарау нәтижесімен осы жылдың 19 ақпанында және 20 наурызында Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімдерімен сотталушылар трансұлттық және ұйымдасқан топ мүшесі бола, есірткі заттарын өткізу, аса ірі мөлшерде сақтау, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілерімен кінәлі деп танылды.


Сотталғандарға 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


2 млрд теңгеден астам ақша қаражаты мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ сотталғандарға тиесілі люкс санатындағы автокөліктері тәркіленді. Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!