Otpan News Logo

Маңғыстаулық студенттер Каспий жағалауында өткен сенбілікке қатысты

|
23.03.2026 13:37
Маңғыстаулық студенттер Каспий жағалауында өткен сенбілікке қатысты

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп отыр. Шараның мақсаты - су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 

«Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда», - деп жазылған оқу-ағарту министрлігінің мәліметінде.

 

Маңғыстау облысының студенттері де Каспий теңізінің жағалауында өткен акцияға атсалысты. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтеді.

 

Акцияға алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында көктемгі каникулда демалып жатқан оқушылар үлес қосты. Олар бұлақ көзін ашып, маңайын қоқыстан тазалады. Ал, Шымкент қаласының ерікті жастары, колледж студенттері Қошқар ата өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды.

 

Айта кетейік, алдағы бір ай ішінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.

134
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!