Otpan News Logo

Маңғыстаулық математика пәні мұғалімдері олимпиада жүлдегері атанды

Маңғыстаулық математика пәні мұғалімдері олимпиада жүлдегері атанды

Маңғыстау облысының педагогтері математика пәні бойынша өткен республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Ұстаздар қоржынында алтын және қола медаль бар, деп хабарлайды otpannews.kz


Жас педагогтер арасында өткен олимпиада 23 наурыз күні Алматы қаласында ұйымдастырылды. Маңғыстау облысынан бес жас мұғалім қатысты.


– 1-орынды Ақтау қаласындағы №7 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Бауыржан Кубеев иеленді. Ал 3-орынды Ақшұқыр ауылындағы мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Диас Ахмеджан жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және дипломдармен марапатталды, - деп хабарлады өңірлік білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
198
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!