Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде республикалық кеңес өтті

|
06.11.2025 10:44
Маңғыстауда жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде республикалық кеңес өтті

Маңғыстауда өтіп жатқан «Aktau Youth Forum» халықаралық жастар форумы аясында республикалық жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кеңес жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, сондай-ақ еліміздің өңірлерінің жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты.


- Биыл жастар саясаты саласында жүйелі және стратегиялық тұрғыдан бірқатар маңызды қадам жасалды. Өңірлердегі жұмысты біріздендіру мақсатында комитет 2025–2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын қабылдады. Басты мақсат - жастар саясатының бірыңғай стандарттарын қалыптастыру және өңірлік деңгейдегі жұмыстың сапасын арттыру. Алғашқы бағыт - жастардың үлесі 30%-дан асатын өңірлерде жастар саясаты жөніндегі дербес басқармаларды құру. Келесі бағыт - жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру. Бұл жұмыс Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, - деді Қайрат Қамбаров.


Жиында өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшылары өз аймақтарында атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа бастамалар туралы баяндады.



Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев кеңестің маңыздылығына тоқталды.


- Бүгінгі кездесу жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге арналған өзекті мәселелерді қамтиды. Өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу, креативті жұмыс тәсілдерін енгізу және әдістемелік құралдарды жаңарту - алдағы негізгі міндеттеріміздің бірі. Біздің мақсат - жастар ресурстық орталықтарын тиімді қызмет көрсететін, нақты нәтижеге бағытталған және уақыт талабына бейімделген заманауи платформаға айналдыру. Осы бағытта әр өңірдің тәжірибесі құнды, ал бүгінгі пікір алмасу - ортақ дамуға бастайтын маңызды қадам, - деді Аббат Өрісбаев.


Кеңес соңында Қайрат Қамбаров өңірлік басқармалар мен орталықтарға нақты нәтижеге бағытталған жұмыс қарқынын күшейтуді, жаңа бастамалар ұсынуды және өзара тәжірибе алмасуды жалғастыруды тапсырды.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!