Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда 200 адамнан асатын концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салынуы мүмкін

|
06.11.2025 13:35
Қазақстанда 200 адамнан асатын концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Құжат Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген және Сенатта мақұлданып, бірқатар түзетулермен Мәжіліске қайта жолданды.


Фонограммаға қатысты негізгі өзгерістер:


200 және одан көп көрермен жиналатын концерттерде вокалдық фонограмманы қолдануға тыйым салу ұсынылды.


Фонограмманы қолдануға тек екі жағдайда ғана рұқсат беріледі:


  • телетүсірілім кезінде;
  • концерт өткізуге техникалық тұрғыда бейімделмеген орындарда.


Сондай-ақ, көрермендерді фонограмма қолданылғаны туралы алдын ала хабарлау міндеті бекітіледі.


Медиа және онлайн-платформаларда музыкалық шығармаларды пайдаланғанда автордың есімін нақты көрсету талабы күшейтіледі.


Заң жобасындағы өзге маңызды бастамалар:


Балабақша құрылысына арналған жерлерді жекеменшікке беруге тыйым салу;


ЖОО мен колледждерге білім беру мемлекеттік тапсырысын рейтинг нәтижелері бойынша бөлу;


Шетелдік магистратура, докторантура және резидентура түлектеріне міндетті жұмыс өтеуін кейінге қалдыру мүмкіндігі;


Мемлекеттік грантпен оқыған, І топтағы мүгедекке күтім жасайтын немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған түлектерді міндетті жұмыс өтеуден босату;


Халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына және олардың ұстаздарына біржолғы сыйақы беру;


Жекеменшік білім беру ұйымдарына танымал тұлғалар есімін беру кезінде ономастикалық комиссиямен келісу міндеті;


Мемлекеттік кітапханаларға мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізуге рұқсат беру және жергілікті атқарушы органдарға кітапханаларды дамыту бойынша жаңа міндеттер жүктеу.


Бұл түзетулер қабылданса, шығармашылық индустрия мен білім саласында бірқатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктер енгізіледі.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!