Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда 150-ден астам ерекше бала өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды

|
06.11.2025 14:33
Маңғыстауда 150-ден астам ерекше бала өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды

Ақтауда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған бірегей медициналық жобаның қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Қайырымдылық жобаның нәтижесінде 150-ден астам балаға 153 инновациялық операция жасалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, шетелдік жетекші дәрігерлер ерекше балалардың моторлық функцияларын қалпына келтіру және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында күрделі ота түрлерін тегін жасады. Отадан кейін балалар оңалту және физиотерапия курстарын жалғастырып жатыр.


Бұл жоба BI Group құрылыс компаниясы мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының бастамасымен жүзеге асты. Балаларға ота Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында "Мүмкіндік" бағдарламасы аясында жасалған.


Айта кетейік, хирургиялық емдеуден бөлек, 365 бала профессорлардан кеңес алды, ал 110 қазақстандық маман 11 түрлі оқудан өтті.

 

Медициналық жобаның қорытынды жиынында 11 отадан өткен 9 жасар Амелияның тұсауы кесілді. Ол отандан кейін алғашқы қадамдарын жасады.



"BI–Жұлдызай" қоры 20 жылдан астам уақыт бойы инклюзия, медицина, спорт және шығармашылық салаларында ерекше балалардың әлеуетін ашуға, қоғамға бейімделуіне ықпал етіп келеді. «Мүмкіндік» бағдарламасы — қордың ең ірі медициналық бастамасы. Жыл сайын балалар осы жобаның арқасында толыққанды өмірге қадам басып келеді.


- Бұл – өңір медицинасындағы ерекше балаларға арналған ірі әлеуметтік және медициналық бастама. Осындай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!