Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда «Жас Тұлпар» облыстық жастар премиясына өтінім қабылдау басталды

|
23.10.2025 10:24
Маңғыстауда «Жас Тұлпар» облыстық жастар премиясына өтінім қабылдау басталды

Маңғыстау облысында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Жас Тұлпар» жастар премиясына өтінім қабылдау басталды. Премия жыл бойы белсенділік танытып, өз саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген креативті, ізденімпаз жастарға беріледі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Биылғы байқау 12 номинация бойынша өткізіледі. Атап айтқанда:


-үздік жас ғалым,

-үздік жас мұғалім,

-үздік жас маман,

-үздік жас дәрігер,

-жас көшбасшы,

-бейбіт күннің батыры,

-БАҚ саласының үздік жас қызметкері,

-үздік жас кәсіпкер,

-жас дарын,

-ауылдың үздік жас маманы,

-үздік жас спортшы,

-жыл жаңалығы.


Өтінім 27 қазан мен 10 қараша аралығында, 6 шағынаудан, «Жастар үйі», 17 кабинетте қабылданады.


Толық ақпарат: 8 (707) 520 30 07

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!