Маңғыстауда тұрғындар қатерлі ісікке қарсы тегін тексеруден өте алады
Махаббат Нұржанқызы
|
18.09.2025 15:56

20 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер мен Мұнайлы аудандық ауруханасында сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz онкодиспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар онколог-маммолог, онколог-хирург, онколог-гинеколог және УДЗ мамандарының тексеруінен тегін өте алады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлемеген азаматтар да бұл күні тегін тексеруден өте алады. Тұрғындар өз денсаулығына бейжай қарамауы керек, — дейді дәрігерлер.
Ашық есік күні аясында тұрғындардың заманауи медициналық жабдықтармен тексерілуіне және мамандардан ақысыз кеңес алуына мүмкіндік бар.
16

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев