Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мұнайлыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен екі шенеунік ұсталды

Otpan News
|
18.09.2025 10:47
Мұнайлыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен екі шенеунік ұсталды
arnapress.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 


- Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген әкімдік хабарламасында.


Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті.


Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтіп, мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту – басты басымдықтардың бірі екенін жеткізді.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!