Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Гүлмира Аманжолқызы
|
18.09.2025 18:21
Ақтауда ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Ақтауда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген саяси реформалар мен стратегиялық мақсаттарды іске асыру аясында ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жиында Жолдауда қойылған міндеттерді талқылап, облыс ардагерлерінің алдында қандай міндеттер тұрғанын, оларды іске асыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ облыс ардагерлерінің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі айтылды. 


Отырыста ардагерлер ұйымдарымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдары, медицина, спорт және білім саласының ардагерлері де қатысты.


Ардагерлер ұйымдары - қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақтың тірегі. Сол себепті Жолдауда қойылған міндеттерді орындау ісінде біздің ұйымдардың белсенді атсалысуымыз айрықша маңызға ие, - деді Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов. 


Шара соңында ардагерлер ұйымдарының алдағы міндеттері айқындалды. Олар:

• Жастарға отансүйгіштік, еңбекқорлық және әділдік құндылықтарын дәріптеу;

• Президенттің реформаларын қарапайым тілмен түсіндіріп, қоғамға жеткізу;

• Әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар беру;

• Мектептер мен жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастыру;

• Ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас буынға жеткізу;

• Әлеуметтік жобаларға, қайырымдылық пен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысу.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!