Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

МАЭК: Жылу белгіленген кесте бойынша беріледі

Махаббат Нұржанқызы
|
18.09.2025 14:53
МАЭК: Жылу белгіленген кесте бойынша беріледі

Қала әкімінің БАҚ өкілдерімен кездесуінде журналистер жылыту маусымының қашан басталатынын сұрады, деп хабарлайды otpannews.kz



Бұл сұраққа жауап берген «МАЭК» ЖШС өкілі кәсіпорын құрамында ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жұмыс істейтінін, олар жылу энергиясын өндіретінін айтты.


– ЖЭО-1-де бізде төрт қазандық пен үш турбина бар, бәрі жұмысқа толық дайын. Қазіргі уақытта гидросынақ (опрессовка) жүргізілуде. ЖЭО-2-де 13 қазандықтың 10-ы жұмыс істеп тұр. №13 қазандық жөнделіп жатыр, ол 8 қазанға дейін дайын болады. №3 турбинада күрделі жөндеу жүргізілуде, ол желтоқсан басында аяқталады деп күтіп отырмыз. Бірақ бұл жылыту маусымының басталуына еш кедергі келтірмейді, себебі бізде жеткілікті резерв бар. Кей жерде жөндеу жұмыстары желтоқсанның ортасына дейін жалғасады деген сыбыс тарапты, содан халық бүкіл станция жұмыс істемейді деп ойлап қалған. Бірақ бұл олай емес. Тек бір турбина ғана желтоқсанға дейін жөндеуде болады. Сондықтан жылыту маусымының басталуына немесе өтуіне МАЭК тарапынан ешқандай кедергі жоқ, – деді МАЭК өкілі.


Әкімдік те, егер ауа райы күрт суытып кетсе, жылу 15 қазанға дейін де берілуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Ақтау қаласындағы жұмыс сапары кезінде жылу желілерін жөндеу нысандары мен «МАЭК» кәсіпорнының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерген еді. Тексеру кезінде ЖЭО-2-де №13 қазандық пен №3 турбина жөнделіп жатқаны және бұл жұмыстар қазан айының ортасына дейін аяқталатыны айтылды.

23
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!