Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 17 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Нұргүл Алясова
|
17.09.2025 15:59
Маңғыстау облысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 17 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
comindware.ru

Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының негізсіз тексеру жасап, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан 17 фактіні анықтады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қабылданған шаралар нәтижесінде 17 лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173 және 175-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


«Ақтау қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын талдау барысында заңсыз тексерістер, қызметтер ақысын төлеуден негізсіз бас тарту, негізсіз талап-арыздар беру, құжаттарды заңсыз алу және тексерулерді тіркеу тәртібін бұзу фактілері анықталды», – деп хабарлады ведомство.


Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына бақылау жүргізуді одан әрі жалғастырып, әрбір анықталған бұзушылық бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданатынын атап өтті.

18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!