Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Бұл жер - біздің қаламыздың көркіне айналады»: Ақтау әкімі бұрынғы президент резиденциясы туралы айтты

Жанкелді Қаржан
|
18.09.2025 15:35
«Бұл жер - біздің қаламыздың көркіне айналады»: Ақтау әкімі бұрынғы президент резиденциясы туралы айтты
Ашық дереккөзден

Ақтаудағы бұрынғы президент резиденциясының аумағына қатысты түрлі болжамдар айтылған болатын. Көпшілік ол жерге балаларға арналған сауықтыру лагері немесе санаторий болады десе, енді біреулер стадион не туристік нысанға айналады деп тұспалдаған еді. Ал қала әкімі бұл аумаққа нақты қандай жоспар жасалып жатқанын айтып, түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Әкімнің айтуынша, жалпы аумағы 226 гектарды құрайтын резиденция жеріне қатысты түзетілген Ақтаудың бас жоспары жақында бекітілген.

 

Қазіргі таңда осы аумақтың детальды жоспарлау жобасы әзірленіп жатыр.

 

«Барлық мемлекеттік органдармен және министрліктермен бірлесіп әзірленген бұл бас жоспар Үкімет қаулысымен бекітілді. Жыл соңына дейін детальды жоспарлау жасалады. Бас жоспар Ақтау қаласының 2035 жылға дейінгі дамуын қамтиды. Бұрын резиденция орналасқан аумақта тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, спорттық және мәдени нысандар салынады. Бұл жоба жүзеге асқанда, қаламыздың көркіне айналады. Ақтаудағы ең қолайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптасады», - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!