Otpan News Logo

Қарақияда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші жауапқа тартылды

|
12.11.2026 14:43
Қарақияда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші жауапқа тартылды
ЖИ

OTPANNEWS.KZ. - Қарақия ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар барысында мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші анықталды.


Атап айтқанда, Құрық ауылында түнгі жасақ қызметкерлері «ВАЗ-2107» маркалы автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Автокөлікті тоқтату барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезіліп, дәрігер-наркологтың қорытындысына сәйкес, жүргізушінің орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны, сондай-ақ көлік басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.


Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 6-бөлігі және 613-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.


Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.


Сонымен қатар, Жетібай және Мұнайшы ауылдары аумағында күндізгі жасақ қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

26
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!