Otpan News Logo

Маңғыстауда жыл басынан бері жоғалған 48 адам табылды

Маңғыстауда жыл басынан бері жоғалған 48 адам табылды

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бойынша 167 өтініш тіркелген. Оның 20-сы балалардың жоғалуына қатысты болса, қалған 147-сі ересектерге байланысты.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жоғалған баланың барлығы дер кезінде табылып, отбасыларына қайтарылған. Ал ұзақ уақыт хабарсыз кеткен ересектерге қатысты 30 іздестіру ісі қозғалып, 28 адамның жүрген жері анықталды.


Полиция қызметкерлері іздестіру кезінде дрондар мен заманауи технологияларды пайдаланады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына түрлі бөлімшелердің мамандары жұмылдырылады. Ауа райының қолайсыздығы мен жер бедерінің күрделілігіне қарамастан, іздестіру шаралары тоқтатылмайды.


Полицияның хабарлауынша, адамдардың жоғалуына көбіне отбасылық жанжал, жақындарымен түсініспеушілік және өзге де өмірлік жағдайлар себеп болады.


Ведомство өкілдері жақындары хабар-ошарсыз кеткен жағдайда уақыт жоғалтпай, полицияға хабарласуға шақырады.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!