Otpan News Logo

Мұнайлы ауданында заңсыз қоқыс үйінділерінен 870 тонна қалдық шығарылды

|
12.11.2026 14:35
Мұнайлы ауданында заңсыз қоқыс үйінділерінен 870 тонна қалдық шығарылды
Gov.kz

OTPANNEWS.KZ. - «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Мұнайлы ауданында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналған 57 заңсыз орын анықталып, толықтай тазартылды. 


Мұнайлы ауданы прокуратурасының мәліметінше, экологиялық акцияны жүзеге асыру мақсатында прокуратураның бастамасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Қоқыс үйінділерінің орналасқан жерлері «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның геосервисі арқылы анықталған.


Заңсыз қоқыс орындарының ең көбі Баянды ауылындағы қолданыстағы полигон аумағында тіркелген. Мұнда 15 орын анықталса, Маңғыстау – Баянды учаскесінде 14 орын анықталған. Сонымен қатар Маңғыстау ауылында – 12, Атамекен ауылдық округінде – 10, ал Басқұдық ауылдық округінде 6 заңсыз қоқыс орны анықталған.


Прокуратураның үйлестіруімен анықталған 57 аумақтың барлығы толық тазартылып, нәтижесінде 870 тонна қалдық шығарылды.


Аудан прокуратурасы елді мекендердің санитарлық жағдайын сақтау және жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

31
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!