Otpan News Logo

Мұнайлыда мемлекетке 49,4 млн теңгенің жер учаскесі қайтарылды

Мұнайлыда мемлекетке 49,4 млн теңгенің жер учаскесі қайтарылды

OTPANNEWS.KZ – Мұнайлы ауданында прокуратура 475 кәсіпкердің құқығы қорғап, үш инвестордың мәселесі шешілді. Сонымен қатар мемлекет меншігіне жалпы құны 49,4 млн теңге болатын тоғыз жер учаскесі қайтарылды.


Мұнайлы ауданы прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлердің құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бағытында бірқатар жұмыс жүргізілген. Соның бірі – «ADIL-FASAD» ЖШС-нің мәселесі. Өндірістік база салу кезінде кәсіпорын электр желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық шарттарды алуда қиындыққа тап болған. Прокуратура араласқаннан кейін компанияға тиісті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілді.


Бұдан бөлек, жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аукцион арқылы берілген 16 жер учаскесі үшін төлем жасалмағаны анықталды. Сатып алушылар бюджетке 39,4 млн теңге аудармаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде оның 21,9 млн теңгесі бюджетке өндірілді.


Сондай-ақ мемлекетке жалпы құны 49,4 млн теңге болатын тоғыз жер учаскесі қайтарылды.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!