Otpan News Logo

Ақтауда бопсалаумен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды

|
12.11.2026 12:25
Ақтауда бопсалаумен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды

OTPANNEWS.KZ – Ақтауда қорқыту және бопсалау арқылы азаматтардан ақша талап еткен ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты. Олар жәбірленушілерден 3 миллион теңге беруді талап еткен.


Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, 2026 жылғы 25 қыркүйектегі сот үкімімен Р. және А. есімді ерлі-зайыпты Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп танылған.


Сот анықтағандай, сотталушылар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар интимдік қызмет көрсететін азаматтың клиенттері туралы мәліметтерді заңсыз иемденіп, жәбірленушілерді күш қолданумен қорқыту және бопсалау арқылы 3 миллион теңге талап еткен.


Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін материалдарды ұсынған. Сот оларды жеткілікті деп танып, айыптау үкімін шығарды.


Сот шешімімен А. есімді азаматша 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал Р. есімді азамат 4 жылға сотталып, жазасын өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.


Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Облыстық прокуратура азаматтарды қорқыту немесе заңсыз ақша талап ету жағдайларына тап болғанда, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!