Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда 12 мың тұрғын тұмауға қарсы екпе алды

Маңғыстауда 12 мың тұрғын тұмауға қарсы екпе алды
ашық дереккөзден

Облыста тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) эпидемиологиялық маусымына дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Қазан айының басынан бастап өңірде алдын алу шаралары күшейтіліп, вакцинациялау науқаны басталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаеваның айтуынша, биыл облыс бойынша тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы эпидемиологиялық маусым 1 қазаннан басталған. Содан бері (2024–2025 жылдың маусымы аясында) өңірде 307 112 жедел респираторлық вирустық инфекция және тұмау жағдайы тіркелген.


Қазіргі таңда тұмауға шалдығу деректері әзірге тіркелмеген. Алайда 1–8 қазан аралығында облыста 7 968 ЖРВИ жағдайы анықталған. Барлық вирус үлгілері Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында полимеразды тізбек реакциясы (ПТР) әдісімен зерттеледі.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында өңір тұрғындарына жоспарлы түрде екпе егу науқаны басталды. 


Бүгінде облыс деңгейінде 12 443 адам екпемен қамтылды, оның ішінде 365 жүкті әйел, 2630 медицина қызметкері, 2 390 созылмалы аурулары бар адам, 1224 мектеп оқушысы, 20 мектеп – интернат балалары - және эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты 5 814 адам екпе алған. Биылғы эпидемиологиялық маусымда 2-8 қазан аралығында 7968 ЖРВИ тіркелді. Тұмау жағдайлары анықталған жоқ. Қазіргі таңда биылғы эпидемиологиялық маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ауруханалар мен емханаларда, білім беру нысандарында тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) қарсы профилактикалық іс –шаралар күшейтілді. Тұмауға қарсы вакцинациялауға эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдарға – жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, әскери қызметшілерге, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, 65 жастан асқан адамдарға ерікті негізде екпе жүргізілуде, - деді Гүлнар Көркінбаева.


Эпидемиологиялық маусымға дайындық аясында облысқа Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 80 000 дозасы сатып алынған. Вакцина медициналық ұйымдарға жеткізіліп, жоспарлы екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!