Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда соғыс ардагері Ағатай Жұмашевқа арналған ескерткіш тақта орнатылды

Маңғыстауда соғыс ардагері Ағатай Жұмашевқа арналған ескерткіш тақта орнатылды

Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер, взвод командирі, лейтенант Ағатай Жұмашевтың рухына арналып ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ағатай Жұмашев 1914 жылы 16 қаңтар күні қазіргі Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 1942 жылы майданға аттанып, Батыс Беларусь майданындағы 328-атқыштар дивизиясының 1107-полкінде взвод командирі болды. 1944 жылы Гомель маңында өткен қанды шайқаста ерлік көрсетіп, жаудың 22 сарбазын жойып, екеуін тұтқынға алған. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» және «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.


Ұрыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен ардагердің жерленген жері араға 80 жыл салып табылды. Польша Республикасының Радзынь-Подляский қаласындағы бауырластар зиратында жатқанын архивтік деректер растаған. Батырдың бір уыс топырағы елге жеткізіліп, туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды.


Ардагердің немересі Берік Жұмашев бұл ата-баба аманатын орындау әулет үшін үлкен оқиға болғанын айтты.


- Әкем Дияс Жұмашев өмір бойы атамның қайда жерленгенін білгісі келетін. Бүгін сол арман орындалып, атамның рухы туған жерінде ұлықталды, - деді ол.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне ардагердің ұрпақтары, туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Шара барысында құран оқылып, батырдың ерлік жолы еске алды.

63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!