Ақтауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған «әлеуметтік бұрыштар» орнатылды

Ақтау қаласында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын қолдау мақсатында қала аумағындағы ірі сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен жабдықталған «әлеуметтік бұрыштар» орнатылды деп хабарлайды otpannews.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған бұрыштарда тұрғындардың күнделікті тұтынуына қажетті негізгі азық-түлік өнімдері төмендетілген бағамен сатылады. «Әлеуметтік бұрыштар» қаладағы ірі сауда нүктесінде — Дина, Altyn Food, Анвар, сондай-ақ Дана супермаркеттерінде орнатылды.
Бұл бастама жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асырылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
57










Комментарии
Комментарии
Нет комментариев