Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі шығыс тармағының маңыздылығын атап өтті

Мемлекет басшысы «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі шығыс тармағының маңыздылығын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің алдында Ресейдің және Орталық Азия елдерінің Үкіметтерімен бірге өңірдің, жалпы еуразиялық кеңістіктің заманауи, қауіпсіз, орнықты көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында белсенді жұмысты жалғастыру міндеті тұрғанына назар аударды. 2030 жылға дейін 5 мың шақырымнан аса жаңа темір жол төсеп, 11 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін нақты қадам жасалып жатыр. 2030 жылға қарай Қызылорда қаласынан Ресей шекарасына дейінгі учаске төрт жолақты қозғалысқа ауыстырылады. Ресейлік және түрікмен серіктестерімізбен бірлесіп «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс тармағын дамытамыз. Бүгінде бұл бағытта тасымал көлемі айтарлықтай ұлғайғанын көріп отырмыз. 2027 жылға қарай аталған көлік жолының өткізу мүмкіндігін еселеу жоспары тұр. Былтырғы қорытынды бойынша ондағы жүк тасымалы 2,5 миллионға жуық тоннаны құрады. «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағын инвестициямен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосу бағдардың әлеуетін толық ашуға әрі қажетті қаржыны тартуға септігін тигізер еді. Бұл бастамаға халықаралық қаржы институттарын, даму банктері мен инвестициялық қорларды тарта аламыз. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Ресей ведомстволары осы мәселені менің 12 қараша күні Мәскеуге жасайтын сапарымның алдында талқылауына болады. Оңтүстік Азия нарығына Ауғанстан арқылы өтетін көлік дәлізін дамыту жобасының да перспективасы зор. Бірлесе күш жұмылдырып, аталған мәселелерді жедел шешу үшін «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі аясындағы еуразиялық бағытты дамыту кеңесін құруды ұсынамын. Кеңесті елдеріміздің көлік ведомстволарының басшылары басқара алады. Оған мамандарды, сарапшылар мен кәсіпкерлерді мүше етуге болады, – деді Президент.
57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!