Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қазақстанда алкогольді онлайн сату және көңіл көтеру орындарында ішімдік сату уақытын шектеу ұсынылды

|
13.10.2025 15:51
Қазақстанда алкогольді онлайн сату және көңіл көтеру орындарында ішімдік сату уақытын шектеу ұсынылды
pixabay.com

Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ішімдікті онлайн сатуға тыйым салу қажет екенін айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.  


ІІМ мәліметіне сай, бүгінде криминалдық ахуалға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — ішімдікке салыну. Жыл сайын мас күйде 10 мыңға жуық қылмыс жасалады. Осыған қатысты алдын алу шаралары қабылданып жатыр: мәселен, ішімдік ішу фактілерінің жолы кесіліп, мас адамдарды қоғамдық орындардан оқшаулайды, есепте тұрғандарға ішімдік ішуге тыйым енгізіледі. Дегенмен, министр айтқандай, бұл – тек салдармен күрес қана. 


Табыс қуған алақол кәсіпкерлер ішімдік сату жасы мен уақытына қатысты шектеулерді бұзады. Дәмханалар мен барларда тәулік бойы сатады. Онлайн жеткізу кеңінен қолданылады. Бұл ретте лицензиядан айыру шарасы тиімсіз. Оны келесі күні басқа адамның атынан алуға болады. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды. Ішімдікті тек арнаулы дүкендерде ғана сату, лицензия беру талаптарын күшейту, ішімдікті онлайн сатуға тыйым салу ұсыныстары енгізілді, — деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов


Сонымен қатар ол көңіл көтеру орындарында ішімдік сату уақытын шектеу керектігін баса айтты.


— Аталған нысандарда мас күйде 1 400-ден астам қылмыс, оның ішінде 3 адам өлімі орын алды. Дегенмен, бүгінде кейбір мемлекеттік органдар бұл тәсілдерді қолдамай отыр, — деді ол.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!