Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда бүлдіршіндерден құралған ұрмалы аспаптар оркестрі сахнада өнер көрсетіп жүр

|
13.10.2025 11:17
Ақтауда бүлдіршіндерден құралған ұрмалы аспаптар оркестрі сахнада өнер көрсетіп жүр

Ақтауда бүлдіршіндерден құралған ұрмалы аспаптар оркестрі көптің көзайымына айналды. Осыдан 2 жыл бұрын облыстағы тұңғыш балалар оркестрін Гүлбану Боранбаева құрды. Оркестр құрамында 3-5 жас аралығындағы балабақша тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Дирижердің көрсеткенін бірден түсінетін кішкентай өнер иелері қолдан жасалған ұрмалы аспаптармен ойнайды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Гүлбану Боранбаева 2024 жылдан бастап Ақтау қаласындағы «Ай-Наз» балабақшасында жұмыс істейді. 10 жылдам астам уақыт өңірдің білім беру саласында табысты әрі нәтижелі еңбек етіп келе жатқан маман бүгінде балаларды музыкаға баулып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін оятып жүр. 


- Қазір «Ай-Наз» балабақшасында музыка жетекшісімін. Балаларға ән айту, ырғақты сезіну мен сахна мәдениетін үйретемін. Музыка тек дыбыс емес, ол – эмоция, тәрбие, тәртіп. Балалар осы үндестікті сезініп өсіп келеді, - дейді Гүлбану Әділбайқызы.


Тәрбиеші балабақшаға келген балалардың дарынын бірден байқап, оларды өнерге, шығармашылыққа баулимын дейді. Әнге құмар жас таланттар тек аспапта ойнап қоймай, ән де айтады. Олар республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда бас жүлде иеленген. Гүлбанудың шәкірттері Астанада өтетін «Дара бала» жобасына арнайы шақыртылды. Сондай-ақ республикалық дарынды балалар сайысында аспаптар номинациясы бойынша жүлделі 2 орынды, халықаралық «New star» байқауында аспаптарда ойнап бас жүлдені жеңіп алды. 


Гүлбану Әділбайқызы «тәрбиешінің еңбегі баланың қабілетін дұрыс бағыттау білумен өлшенеді» деп санайды. Өйткені әрбір баланың бойындағы дарыны мен қызығушылығын дер кезінде байқап, дұрыс арнаға бағыттаса ғана ол тұлға ретінде қалыптасады деген пікірді ұстанады.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!