Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда республикалық теологиялық конференция өтті

|
10.10.2025 20:18
Ақтауда республикалық теологиялық конференция өтті

Ақтауда Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Оңалту 2025» тақырыбындағы республикалық теологиялық конференция өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының дін істері басқармаларының бөлім басшылары, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшылары, теолог мамандар, психологтар мен оңалту жұмыстарына тартылған мешіт имамдары қатысты.


-Бүгінгі жиынның басты мақсаты - өзге діни ағымдардың ықпалына түскен жастармен жұмыс жүргізу және оларды дұрыс бағытқа бейімдеу. Осы мақсатта өңірімізде «Айрақты» қоры құрылды. Қазіргі таңда теріс діни идеологиялар интернет желілері арқылы жастардың санасына кері әсерін тигізуде. Сол себепті теологтар мен психологтардың қатысуымен осындай конференция ұйымдастырылып отыр. Бұл шараның маңызы зор, - деді Тілеген Әбішев.


Жиында теолог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерімен пікір алмасты.


-Бұл іс-шара мемлекет тарапынан қолдау тауып, еліміздің барлық өңірінде жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Конференция барысында жат діни ағым өкілдерімен жұмыс істеу тәсілдері талқыланды. Мен өз баяндамамда адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату және дұрыс сөйлесу мәдениеті туралы тәжірибеммен бөлістім. Мұндай кездесулер оң нәтижесін беріп жатыр, - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының доценті Алмат Нурадинов.


Айта кетейік, бүгінде діни сауаттылықты арттыру мақсатында мемлекет тарапынан арнайы комиссиялар құрылып, халық арасында ақпараттық-насихаттық топтар белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!