Ақтауда 16-шағынаудан жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жалғасып жатыр

Ақтау қаласының 16-шағын ауданында, «Шерқала» және «Жеңіс» тұрғын үй кешендерінің маңында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
730 метр аумаққа асфальт төселіп, жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейін осы шағын ауданда 3 500 метр жолға асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталған болатын.
Құрылыс жұмыстарына 12 маман мен 9 арнайы техника жұмылдырылған. Инженерлік желілер жаңартылғаннан кейін, жол салу жұмыстары шағын ауданның басқа бөліктерінде кезең-кезеңімен жалғаспақ.
42



Комментарии
Комментарии
Нет комментариев