Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Республика күніне орай «Qazaqstan Barysy» турнирі ұйымдастырылады

|
11.10.2025 11:44
Республика күніне орай «Qazaqstan Barysy» турнирі ұйымдастырылады
Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

Қазақ күресінен «Qazaqstan Barysy» республикалық турнирінің 18 қазанда өтеді. Бұл айтулы сайыс Республика күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Аталған турнирде Маңғыстау облысының атынан Нұрдәулет Жарылғапов пен Нұрсұлтан Папау бақ сынайды. Әр өңірдің үздік балуандары бозкілемде белдесіп, қазақ күресінің ең мәртебелі атағы – «Тайтұяқ» табысталады.

 

Қазақ күресінің айтулы бәсекесі 18 қазан күні 12:00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында басталады. Финалдық сынға еліміздің әр аймағынан жалпы саны қырықтан астам балуан қатысады деп күтіліп отыр. 

 

Өткен жылы аталған турнирде семейлік Ерасыл Қажыбаев чемпион атанған болатын. Балуан алтын тайтұяқпен бірге 15 млн теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 

 

Сондай-ақ, Нұрдәулет Жарылғапов аталған сында 3 рет жүлдегер атанған. оның ішінде екі мәрте күміс белбеу иегері болса, бір мәрте үшінші орынға тұрақтады. 

87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!