Бала 5 күнге дейін ауырса, емханадан анықтама алудың қажеті жоқ – ДСМ бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде «вирустық инфекциялар жиілеп жатқан кезеңде науқастануына байланысты балалар балабақша мен мектепке 5 күнге дейін бармаған жағдайда анықтама алудың қажеттілігі болмайды» деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат ақпарат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайды, деп хабарлайды otpannews.kz.
«Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі тәрбие мен балалар үйіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес балалар үш және одан да көп күн сабақта болмаған жағдайда, олар мектепке дейінгі мекемелерге денсаулығы туралы дәрігердің анықтамасымен қабылданады.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жекелеген жіті ауруларға шалдыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілер бақылауға және сауықтыруға жатады.
Дәлелді себептермен сабақты жіберіп алу білім беру ұйымының (мектептің) ішкі тәртібімен айқындалады», деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" таратқан ақпаратта.
Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздерінен сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз!
