Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысының делегациясы Анкараның губернаторымен кездесті

Маңғыстау облысының делегациясы Анкараның губернаторымен кездесті

Маңғыстау облысының делегациясы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың қатысуымен Анкара губернаторлығына барды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Делегация құрамында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, ҚР ТҮРКСОЙ жанындағы өкілі Нышанкүл Қаратаева, Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сапиев және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев болды.


Қазақстан делегациясы Анкара губернаторы Васип Шахинмен кездесті. Кездесуде Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында атқарылған жұмыстар және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 


ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтаудың түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін абыройлы атқарғанын атап өтті.


Жүз мыңнан астам адам қатысқан ашылу салтанаты мен қырықтан астам ірі іс-шара арқылы Ақтау түркі дүниесінің мәдени бірлігінің үлгісін көрсетті, – деді Сұлтан Раев.


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев ТҮРКСОЙ мен Түркия билігі тарапынан көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді.


Анкара қаласында губернатор Васип Шахиннің қабылдауы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауы біз үшін үлкен мәртебе. Біз бұл жерде де түркі дүниесінің бауырластық рухын сезіндік, – деді Тілеген Әбішев.


Кездесу соңында делегация Анкара губернаторы Васип Шахинді Маңғыстау облысы әкімдігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына қазақтың ағаш үйін ресми табыстау іс-шарасына шақырды.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!