Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда көпқабатты үйлердің тұрғындарынан жиналған қаражат дұрыс пайдаланылмай жатыр

Ақтауда көпқабатты үйлердің тұрғындарынан жиналған қаражат дұрыс пайдаланылмай жатыр

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Есеновтың төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік және коммуналдық жағдайын жақсарту жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кеңес барысында қызмет көрсетуші ұйымдардың тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, бұл жұмысты әкімдіктің араласуынсыз тұрақты әрі жүйелі жүргізуі қажет екені айтылды.


Талқылау кезінде жертөле, шатыр мен кіреберістердің нашар күйде болуына тұрғындардан жиналған қаражаттың дұрыс жұмсалмауы және кейбір пәтер иелерінің ай сайынғы төлемді төлемеуі себеп болып отырғаны анықталды.


Осыған байланысты берешекті өндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.


- Сонымен қатар, егер тұрғындар қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысына сенімсіздік білдірсе, олар заң аясында төрағаны қайта сайлау және тәуелсіз аудиторлық тексеріс жүргізу бастамасын көтере алады, – деді қала әкімінің орынбасары Бауыржан Есенов.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!