Маңғыстаулық полицейлер туристің жоғалған телефонын тауып берді

МО полиция департаменті
Маңғыстау полицейлері Малайзиядан келген туристерге жоғалған телефондарын табуға көмектесті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жетібай–Шетпе тас жолында патрульдік полиция ротасының инспекторлары, полиция қызметкерлері Нұржан Мағзамов пен Мейрамбек Тезекбаев патрульдеу барысында көлікпен келе жатқан әйелдердің өтінішін қабылдады.
Малайзиядан Бозжыра табиғи көрінісін тамашалауға келген шетелдік турист әйелдер жол бойында санитарлық орында аялдаған кезде ұялы телефондары жоғалғанын айтып, шамамен қай жерде қалғанын білетіндіктерін жеткізіп, полициядан көмек сұрады.
Полицейлер жедел әрекет етіп, көрсетілген орынға барып, туристерге жоғалған телефонды табуға көмектесті. Құқық қорғау қызметкерлерінің кәсібилігі мен назар аударуының арқасында шетел азаматшаларының жеке заттары қайтарылып, туристер көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді, - дп жазылған облыстық ПД ақпаратында.
Маңғыстау облысының полиция департаменті азаматтар мен аймақ қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмек көрсетуді басты міндеті ретінде мүлтіксіз орындайды.
46

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев