Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Бейнеудің «Күйкен» мектебінде телестудия ашылды

Бейнеудің «Күйкен» мектебінде телестудия ашылды

Бейнеудегі «Күйкен» мектебінде «Күйкен ТВ» атты мектеп телестудиясы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – мектеп өмірінің маңызды сәттерін, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерін насихаттау және оқушыларды шығармашылыққа баулу, деп хабарлайды otpannews.kz білім басқармасына сілтеме жасап.


Жобаның жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Ізбасар Ізімов. Оның айтуынша, «Күйкен ТВ» – мектептегі қоғамдық белсенділікті арттырып, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған тың жоба.


Телестудияда оқушылар жаңалық дайындап, сұхбат жүргізіп, бейнеролик құрастырып, тележүргізуші ретінде тәжірибе жинақтайды. Бұл олардың сөйлеу шеберлігін дамытып, мәтін жазу, видео түсіру және монтаж жасау дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік береді.


Сонымен қатар студияда «Апталық жаңалықтар» айдары тұрақты түрде шығып тұрады. Бұл айдар мектеп ішіндегі жаңалықтарды уақытылы жеткізіп, оқушылардың мектеп өміріне деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.


Айта кетейік, мектептің телестудиясына «Қазақстан халқына» қоры қаржылай қолдау көрсетті.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!