Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстау облысында IT-фестиваль өтті

|
14.10.2025 16:55
Маңғыстау облысында IT-фестиваль өтті

Ақтауда аймақ бойынша ең ірі технологиялық және инновациялық  іс-шара «Mangystau IT Fest 2025» фестивалі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Іс-шара өңірлік цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен және Mangystau Hub, жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. 


Фестивальге 120-дан астам қатысушы - мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, стартаперлер мен IT саласының мамандары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – өңірдің жас таланттарына өз идеяларын таныстырып, жаңа білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.


Mangystau IT Fest 2025 бағдарламасы технология мен шығармашылықтың түрлі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, Startup Battle - жасанды интеллект пен инновацияға негізделген стартап-жобалар байқауы, RoboLeague - робототехника бойынша өңірлік чемпионат, Game Warriors (CS2) - киберспорт турнирі, PS Game Cup — FIFA (PlayStation 5) жарысы, AI Workshop — жасанды интеллект құралдарына арналған практикалық шеберлік сабағы, TED Talks - шабыт пен технология төңірегіндегі баяндамалар сериясы бар.


Startup Battle финалында ерекше жобалар анықталды. Олардың қатарында Rise of Mec - пациент деректерін талдау мен диагностика процесін оңтайландыратын AI жүйесі, Medifly AI - денсаулық жағдайын болжау және медициналық шешім қабылдауды автоматтандыру платформасы, Lume-AR - инженерлік және оқу тренингтеріне арналған жаңа буындағы AR көзілдірігі сынды жобалар бар.


RoboLeague чемпионатында І орынға –  Six-Seven тобы, ІІ орынға – S7 командасы, ал ІІІ орынға – Joo Robotics тобы ие болды.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!